Voice Assistant + TalkBack
Samsung және Google Android құрылғыларында бірегей, қолжетімді және біртұтас тәжірибені қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыс жасайды.
Енді Samsung құрылғысының Voice Assistant және Google қолданбасының TalkBack функциялары біртұтас экраннан оқу құралына біріктірілген. Voice Assistant және TalkBack функциялары бірегей сәйкестендірілуін басқара отырып, енді сізде барлық Android құрылғыларында әлдеқайда ыңғайлы және тиімді экран оқу құралы бар. Жаңа жақсартылған TalkBack функциясын пайдаланып көріңіз.
TalkBack қолдану жолы
-
• Пайдаланудың негізгі ережелерімен танысыңыз
TalkBack функциясы назарға алынған элементті дауыстап оқиды. Фокусты экранды түрту немесе сырғыту арқылы басқаруға болады
-
• Экранда көрсетілгенді тыңдаңыз
Экранды бір саусағыңызбен түртіңіз немесе түрткен кезде экранның бойымен еркін шарлау арқылы оны зерттеңіз
-
• Фокусталған элементті іске қосыңыз
Бір саусағыңызбен екі рет түртіңіз
-
• Фокусты басқа элементке жылжытыңыз
Бір саусағыңызбен солға/оңға сырғытыңыз
* «Баптаулар > Арнайы мүмкіндіктер > TalkBack > Баптаулар > Оқу құралы және анықтама» арқылы негізгі пайдалану әдістерін үйренуге болады
TalkBack қызметімен біріктірілген дауыстық көмекшінің сәйкестігі
-
• Бірнеше саусақпен жасалатын қимылдар
Voice Assistant функциясының бірнеше саусақпен жасалатын қимылдары енді TalkBack функциясының бір саусақпен жасалатын қимылдарына қосымша қолжетімді. TalkBack функциясының әртүрлі функцияларын баптауларға өтпей-ақ, бірнеше саусақпен жасалатын қимылмен іске қосыңыз. Егер сізге бір қимыл ұнамаса, оны кез келген уақытта қалағаныңызша өзгертуіңізге болады.
* Қосымша ақпарат алу және әр қимылдың әрекеттерін өзгерту үшін «Арнайы мүмкіндіктер > TalkBack > Баптаулар > Қимылдарды реттеу» тармағына өтіңіз. -
• Қимыл тақтасын пайдалану жолы
Қимылды ұмытып қалдыңыз ба? Қимыл тақтасында әртүрлі қимылдарды сынауға және тексеруге болады. Қимыл тақтасын пайдалану үшін экранды 4 саусағыңызбен бір рет түртіңіз.
-
• Оқу мәзірін пайдалану жолы
Voice Assistant функциясының жылдам мәзірі жаңа TalkBack функциясында да қолжетімді. Қолжетімді оқу мәзіріне кіру үшін үш саусақты кез келген бағытта – жоғары, төмен, солға, оңға сырғытыңыз. 3 саусақпен жасалатын үздіксіз қимылдар сізге қажетті оқу мәзірін, мысалы, нақтылау дәрежесін, сөйлеу жылдамдығын және сөйлеу тілін таңдауға мүмкіндік береді.
* «Арнайы мүмкіндіктер > TalkBack > Баптаулар > Мәзірді реттеу» ішінде жеке оқу мәзірін орнатыңыз. -
• Орнату шебері ішінде TalkBack функциясын іске қосыңыз
Енді телефонды қораптан шығарғанда пайда болатын бірінші экраннан TalkBack функциясын іске қосуға және пайдалануға болады. Бұл әдіс орнату шеберінің бүкіл жұмыс процесінде қолжетімді.
- 2 саусағыңызбен басып тұрыңыз
- Бүйірлік пернені және Дыбыс деңгейін жоғарылату пернесін басып қалыңыз
- Дыбыс деңгейін жоғарылату және төмендету пернелерін басып тұрыңыз
TalkBack-тің басқа пайдалы функциялары
Мәтінді өңдеу және пернелер тіркесімдері сияқты TalkBack-тің басқа пайдалы функциялары құрылғыны тезірек және оңай басқаруға көмектеседі. Қосымша ақпарат алу үшін TalkBack параметрлері мен нұсқаулығын қараңыз.
-
• Мәтінді өңдеу
Таңдау, барлығын таңдау, көшіру, қиып алу және қою сияқты өңдеу мүмкіндіктерін қимылдар арқылы орындауға болады.
* Қимылдар туралы қосымша ақпарат алу үшін «Баптаулар > Арнайы мүмкіндіктер > TalkBack > Баптаулар > Қимылдарды реттеу» тармағына өтіңіз -
• Төте жолдар
Bluetooth немесе USB қолдайтын пернетақта қосылған болса, TalkBack қосымшасын төте жол пернелері арқылы басқаруға болады.
* Пернелер картасы туралы қосымша ақпарат алу үшін «Баптаулар > Арнайы мүмкіндіктер > TalkBack > Баптаулар > Қосымша баптаулар > төте жолдар» тармағына өтіңіз.
TalkBack қимылдарын қолдану
TalkBack қолдайтын бір және бірнеше саусақпен жасалатын қимылдарды көру үшін осы жерді басыңыз.
Дауыстық көмекші және ол бойынша үйрету курсы
Дауыстық көмекші телефонды қолдану кезінде сіздің көзіңіздің қызметін атқара алады. Ол арқылы сіз телефоныңызды көрмей-ақ толық басқара аласыз. Voice Assistant қосулы тұрғанда телефоныңыз ауызша кері жауап беру арқылы зағип және нашар көретін пайдаланушыларға көмектеседі. Мысалы, ол сіздің нені басқаныңызды, нені таңдағаныңызды және нені іске қосқаныңызды сипаттайды. Сонымен қатар түрлі таныс жанасу қимылдарымен немесе экранды саусағыңызбен түрту және түртіп сырғыту арқылы мәтінді өңдеуге, сөйлеу қаттылығы мен жылдамдығы сияқты баптауларды өзгертуге мүмкіндік аласыз.
Телефон бойынша навигация
Сіз экрандағы элементтерге жанасқан кезде, оның айналасында тікбұрышты жақтау пайда болады, бұл элементтің басты назарға алынғанын білдіреді. Сіз бұл фокусты жанасу қимылдарының көмегімен және экранды саусағыңызбен түртіп сырғыту арқылы басқара аласыз. Оны экран бойымен қозғалтқан кезде Voice Assistant оның қай элементке тоқтағанын айтып отырады.
-
• Саусағыңыз тікелей ненің үстіне тоқтағанын есту үшін экранды түртіп,
оны саусағыңызбен сырғытыңыз.
-
• Элементті іске қосу үшін
оны бір саусағыңызбен екі рет түртіңіз.
-
• Фокус жақтауының орнын экрандағы өзге элементке жылжыту үшін
бір саусағыңызбен солға немесе оңға сырғытыңыз.
-
• Келесі немесе алдыңғы бетке өту үшін
екі саусағыңызбен солға немесе оңға сырғытыңыз.
-
• Тізімді жоғары немесе төмен жылжыту үшін
екі саусағыңызбен жоғарыға не төменге сырғытыңыз.
-
• Экрандағы элементтерді жоғары не төмен жылжыту үшін
бір саусағыңызбен жақтан екінші жаққа сырғытыңыз (жоғары немесе оңға жылжыту үшін солға, содан кейін оңға, ал содан кейін төмен түсіру үшін солға).
-
• Фокус жақтауын экрандағы алғашқы немесе соңғы элементке жылжыту үшін
бір саусағыңызбен жоғары, содан соң бірінші элементке өту үшін төменге немесе соңғы элементке өту үшін төменге, содан соң жоғарыға сырғытыңыз.
Жылдам жұмыс
Дауыстық көмекші жиі қолданылатын функциялар үшін пернелер үйлесімін ұсынады. Сіз қарапайым қимылдармен баптауларды өзгерте және дауыстық кері байланысты тоқтата аласыз.
-
• Дауыстық көмекші баптауларын өзгерту үшін
Өзгертуге болатын баптауларды таңдау үшін үш саусағыңызбен солға немесе оңға сырғытыңыз, содан кейін (баптаулар тізімі төменде көрсетілген), содан соң өзгерту үшін бір саусағыңызбен жоғарыға немесе төменге сырғытыңыз.
- Сөйлеу жылдамдығы: сөйлеу жылдамдығының жоғарылауы немесе төмендеуі
- Тыныс белгілері: дауыстық кері байланыста тыныс белгілерін қосыңыз немесе төмендетіңіз.
- Қараңғы экран: экран дисплейін қосу немесе өшіру.
- Қалың шекаралар: фокустың айналасындағы қалың жақтауды қосыңыз немесе өшіріңіз.
- Фокус индикаторының түсі: фокустың айналасындағы шекара түсін таңдаңыз.
- Хабарландыру: хабарландыру тақтасын ашыңыз немесе жабыңыз.
- Дыбыстық кері байланыс: дыбыстық кері байланысты қосыңыз немесе өшіріңіз.
- Діріл туралы Кері байланыс: діріл туралы кері байланысты қосыңыз немесе өшіріңіз.
- Жылдам енгізу: пернелерді бір рет басу арқылы Samsung пернетақтасы мен пернетақтаны пайдаланыңыз.
- Сөйлеу дыбысына назар аударыңыз: дауыстық көмекші дауыстап оқығанда басқа дыбыстың дыбыс деңгейін төмендетіңіз. -
• Дауыстық көмекші функциясының оқу гранулярлығын баптау үшін
үш саусағыңызбен жоғарыға немесе төменге сырғытып төменде берілген бірнеше гарнуляция түрінен біреуін таңдаңыз, содан кейін таңдалған грануляция түрін қолдану үшін бір саусағыңызбен жоғарыға немесе төменге сырғытыңыз.
- Символдардың гранулярлығы: әр символды оқу.
- Сөздердің гранулярлығы: әр сөзді оқу.
- Жолдар гранулярлығы: бір оқығанда бір жолдан оқу.
- Абзацтардың гранулярлығы: бір оқығанда бір абзацты оқу.
Мәтінді жеңіл өңдеу
Мәтінді көшіріп, Дауыстық көмекші функциясына салу үшін саусақпен сырғыту жеткілікті.
-
• Таңдау режимін қосу немесе өшіру үшін
экранды екі рет басыңыз және ұстап тұрыңыз.
-
• Символдарды таңдау үшін
таңдау режимі қосылған күйде бір саусағыңызбен жоғарыға немесе төменге сырғытыңыз.
-
• Таңдалған символдарды кесу үшін
екі саусағыңызбен солға сырғытыңыз.
-
• Символдарды қою үшін
екі саусағыңызбен оңға сырғытыңыз.
-
• Барлық символдарды таңдау үшін
екі саусағыңызбен төменге сырғытыңыз.
-
• Таңдалған символдарды көшіріп алу үшін
екі саусағыңызбен жоғарыға сырғытыңыз.
-
• Мәтінді енгізу мақсатында курсорды жылжыту үшін
дыбысты қатайту және бәсеңдету пернелерін басыңыз.
-
• Курсорды алғашқы немесе соңғы орынға келтіру үшін
бір саусағыңызбен жоғарыға, одан кейін төменге немесе төменге, одан кейін жоғарыға сырғытыңыз.
Талаптарыңызға сәйкес Дауыстық көмекші функциясын баптау
Дауыстық көмекші ақпаратқа түрлі жолдармен қол жеткізуге мүмкіндік береді.
-
• Дауыстық көмекші күй жолағындағы ақпаратты оқуы үшін
экранды екі саусағыңызбен үш рет түртіңіз. Естігіңіз келген нақты ақпаратты да таңдай аласыз: уақыт, күн, аккумулятор қуаты, сигнал күші, Bluetooth күйі.
-
• Дауыстық көмекші экрандағы элементтерді біріншісінен соңғысына дейін оқуы үшін
экранды үш саусағыңызбен түртіңіз.
-
• Таңдалған элементтен кейінгі экрандағы элементтерді ретімен тыңдап шығу үшін
экранды үш саусағыңызбен екі рет түртіңіз.
-
• Дауыстық көмекші айтқан соңғы элементті тыңдау және көшіріп алу үшін
экранды үш саусағыңызбен үш рет түртіңіз.
-
• Қалқымалы терезеге қайта оралу, одан бас тарту немесе оны жабу үшін
экранды төрт саусағыңызбен түртіңіз немесе үш саусағыңызбен алдымен жоғарыға, содан кейін төменге сырғытыңыз.
-
• Басты экранға өту үшін
экранды төрт саусағыңызбен екі рет түртіңіз немесе үш саусағыңызбен алдымен төменге, содан кейін жоғарыға сырғытыңыз.
-
• Соңғы ашылған қолданбаларды тыңдау үшін
экранды төрт саусағыңызбен үш рет түртіңіз.
-
• Дауыстық кері байланыстың дыбысын өшіру үшін
экранды екі саусағыңызбен екі рет түртіңіз.
Дауыстық көмекші функциясымен жұмысты бастау
-
• Толық сатылы үйрету курсына көшу үшін келесіні ашыңыз
«Баптаулар» > «Арнайы мүмкіндіктер» > «Экраннан оқу» > «Үйрету курсы».
-
• Сіз үйренген қимылдарды тәжірибеде байқап көру үшін келесіні ашыңыз
«Баптаулар» > «Арнайы мүмкіндіктер» > «Экраннан оқу» > «Үйрету курсы» -> «1. Осы үйрету курсын қолдану»
Пернелер үйлесімі
Қолжетімді пернелер үйлесімі төменде көрсетілген.
-
• Келесі элементке өту
Alt + оңға бағытталған көрсеткі
-
• Алдыңғы элементке өту
Alt + солға бағытталған көрсеткі
-
• Алғашқы элементке өту
Alt + Ctrl + солға бағытталған көрсеткі
-
• Соңғы элементке өту
Alt + Ctrl + оңға бағытталған көрсеткі
-
• Келесі терезеге өту
Alt + Ctrl + төменге бағытталған көрсеткі
-
• Алдыңғы терезеге өту
Alt + Ctrl + жоғарыға бағытталған көрсеткі
-
• Түрту
Alt + Enter
-
• Түрту+ұстап тұру
Alt + Shift + Enter
-
• Бір экран артқа қайту
Alt + Delete
-
• Басты экранға өту
Alt + Ctrl + H
-
• Соңғы ашылған қолданбаларға өту
Alt + Ctrl + R
-
• Хабарландырулар панелін ашу
Alt + Ctrl + N
-
• Дауыстық кері байланысты қосу немесе тоқтату
Alt + бос орын
-
• Арнайы әрекеттерді орындау
Alt + Shift + бос орын
-
• Жылдам мәзірді айналдыру
Shift + Ctrl + оңға немесе солға бағытталған көрсеткі
-
• Жылдам мәзір баптауын өзгерту
Ctrl + жоғарыға немесе төменге бағытталған көрсеткі
-
• Келесі немесе алдыңғы грануляция түрін таңдау
Shift + Ctrl + жоғарыға немесе төменге бағытталған көрсеткі
-
• Жоғарыдан оқу
Alt + Ctrl + Enter
-
• Келесі элементтен бастап оқу
Alt + Shift + Ctrl + Enter
-
• Бапталатын әрекеттерді көрсету
Alt + Ctrl + бос орын
-
• Экрандағы элементтерді іздеу
Alt + Ctrl + қисық сызық
-
• Күй жолағындағы ақпаратты оқу
Alt + Shift + S
Пернелер үйлесімі
Веб навигациясы
-
• Келесі түймеге өту
Alt + B
-
• Алдыңғы түймеге өту
Alt + Shift + B
-
• Келесі басқару элементіне өту
Alt + C
-
• Алдыңғы басқару элементіне өту
Alt + Shift + C
-
• ARIA төңірегіндегі келесі бағдарға өту
Alt + D
-
• ARIA төңірегіндегі алдыңғы бағдарға өту
Alt + Shift + D
-
• Келесі енгізу жолағына өту
Alt + E
-
• Алдыңғы енгізу жолағына өту
Alt + Shift + E
-
• Келесі элементке өту
Alt + F
-
• Алдыңғы элементке өту
Alt + Shift + F
-
• Келесі кескінге өту
Alt + G
-
• Алдыңғы кескінге өту
Alt + Shift + G
-
• Келесі тақырыпқа өту
Alt + H
-
• Алдыңғы тақырыпқа өту
Alt + Shift + H
-
• Деңгейдегі келесі тақырыпқа өту
Alt + [саны]
-
• Деңгейдегі алдыңғы тақырыпқа өту
Alt + Shift + [саны]
-
• Тізімнің келесі элементіне өту
Alt + I
-
• Тізімнің алдыңғы элементіне өту
Alt + Shift + I
-
• Келесі сілтемеге өту
Alt + L
-
• Алдыңғы сілтемеге өту
Alt + Shift + L
-
• Келесі тізімге өту
Alt + O
-
• Алдыңғы тізімге өту
Alt + Shift + O
-
• Келесі кестеге өту
Alt + T
-
• Алдыңғы кестеге өту
Alt + Shift + T
-
• Келесі тізім көрсетілген жолаққа өту
Alt + Z
-
• Алдыңғы тізім көрсетілген жолаққа өту
Alt + Shift + Z
-
• Келесі жалаушаға өту
Alt + X
-
• Алдыңғы жалаушаға өту
Alt + Shift + X
* Құрылғылардың суреттері көрнекілік мақсатта берілген.